20.04.2021, 13:50
Жаңалықтар
DAZN орта салмақтағы ең мықты бес боксшыны атады
Геннадий Головкин бұл рейтинг бойынша екінші орында
Фото: talksport.com
DAZN стриминг қызметі орта салмақтағы ең мықты бес боксшының рейтингін жариялады, деп хабарлайды vesti.kz.
IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) бұл тізімде екінші, ал рейтинг көшбасшысы WBC титулына ие америкалық Джермалл Чарло.
WBO чемпионы америкалық Деметриус Андраде үшінші тұр, одан кейін WBA "суперчемпионы" жапониялық Риота Мурата және мексикалық Хайме Мунгия.
Бір қызығы DAZN ең мықты деп платформамен келісімшартта жоқ боксшыны мойындап отыр. Оның үстіне Джермалл Чарло DAZN-ге тікелей бәсекелес Showtime және FOX Sports арналарында өнер көрсетеді. DAZN стриминг қызметінде Головкин, Андраде және Мунгиямен келісімшарт бар, ал Мурата ESPN арнасында.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды