$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
20.04.2021, 13:23
Жаңалықтар

ШҚО-да үш қала «қызыл» аймаққа өтті

19 сәуірде ШҚО-да 67 адамнан коронавирус анықталды

ШҚО-да үш қала «қызыл» аймаққа өтті
Семей қаласы, фото: tengrinews.kz

Өскемен, Семей қалалары мен Аягөз ауданы коронавирус инфекциясының таралуы қаупі бойынша «қызыл» аймаққа енді. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен облыстық үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды.

«Семей мен Өскемен түсінікті делік. Ал халық саны анағұрым аз Аягөз ауданында неге бұлай өршіп кетті? Бұған қарсы қандай шаралар атқарылып жатыр?» - деген сауал жолдады Даниал Ахметов өңірдің бас санитар дәрігері Қанат Тұрдиевқа.

Қанат Тұрдиев коронавирус өршіген аймақтарға қатысты қаулы әзірленіп жатқанын, бірқатар ірі мекемелер карантинге жабылғанын айтты.

Еске сала кетейік, 19 сәуірде ШҚО-да 67 тұрғыннан коронавирус анықталды: Семей - 25, Өскемен - 23, Аягөз - 11, Көкпекті ауданы - 3, Глубокое ауданы - 2, Шемонаиха ауданы - 2, Жарма ауданы - 1.

Серіктес жаңалықтары