Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Елордада волонтерлер вакцинацияның маңыздылығы туралы буклеттер таратты

Бұл шараға кез келген тұрғын волонтер ретінде атсалыса алады

Бүгін елордалық волонтерлер сауда, ойын-сауық орындарында коронавирусқа қарсы екпенің маңызы жөнінде 1000 ақпараттық буклет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осылайша волонтерлер жұртшылықты вакцинациядан өтіп, пандемияны бірлесе тоқтатуға шақырды.

«Волонтерлер «Хан Шатыр», «Керуен», «Keruen City», «Сарыарқа» ойын-сауық орталықтары мен «Астаналық» базарында ақпараттық буклеттер таратты. Осы арқылы халықты екпе жайлы көбірек сауаттандырып, вакцина салдыруға ынталандырғымыз келді. Вакциналаудан өте отырып біз тек өзімізді емес, отбасымызды, жақындарымызды және айналадағы адамдарды да коронавирустан қорғауға көмектесеміз», - деді Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

«Астана жастар» жастар ресурстық орталығының және қалалық волонтерлер штабының волонтері Арайлым Сапарәлінің айтуынша, алдағы уақытта да қоғамдық жерлерде ақпараттық буклет тарату жалғасады. Бұл шараға кез келген тұрғын волонтер ретінде атсалыса алады.