КВИ таралуы бойынша екі өңір ғана «жасыл» аймақта тұр
Эпидахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қызылорда облысы «қызыл» аймаққа жақындап келеді
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 18 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша еліміздің 8 өңірі әлі де «қызыл» аймақтан шыға қойған жоқ. «Жасыл» аймақта тек екі облыс қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;
«Жасыл» аймақта: – Қостанай және Түркістан облыстары тұр.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2828 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 287 001 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 22 адам көз жұмды.