$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.04.2021, 10:53
Жаңалықтар

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 22 адам көз жұмды

Коронавирустан емделіп жатқан 671 адамның жағдайы ауыр

Елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 22 адам көз жұмды
Фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау министрлігі 18 сәуірдегі коронавирус инфекциясымен ауырғандарға қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен тәулікте COVID-19 вирусынан 20 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан екі адам қайтыс болған.

Министрлік мәліметі бойынша, 37 749 адам короновирус инфекциясынан (37 294 КВИ+ және 455 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 13 526 пациент стационарда, 24 223 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 671 адамның жағдайы ауыр;
• 171 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 109 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Сондай-ақ, 16 сәуірдегі мәлімет бойынша 81 жаңа жағдай тіркелді, 2 жағдай өліммен аяқталған. 89 адам жазылып шыққан.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап:

науқастар саны – 51 844;  

өлім жағдайлары – 750;

барлығы 50 639 адам сауығып шықты.

 

 
Серіктес жаңалықтары