Алматы облысындағы аудандардың бірінде блок-бекеттер қойылды

Көксу ауданында коронавирус өршіген

Алматы облысындағы аудандардың бірінде блок-бекеттер қойылды
көрнекі фото: inaktau.kz

Алматы облысының Көксу ауданында блок-бекеттер қойылды. Онда таңғы сағат 08:00-ден кешкі сағат 20:00-ге дейін ауданға кірер жолдарда полиция мен жергілікті атқарушы орган өкілдері кезекшілік етеді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Көксу ауданы бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ауыл округтерінің кіріп-шығатын жолына профилактикалық сипатта күндізгі блок-бекеттер қойылған. Ол жерде көрші облыстан келгендерді тексеріп жатыр.

«Көксу ауданында коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты ауыл округтерінің кіреберісіне блок бекеттер қойылды. Аудан бойынша қозғалыс шектелмейді. Блок бекеттерде басқа өңірден келген адамдар ғана бақылауға алынады», – деді Көксу ауданы полиция бөлімінің бастығы Рамиль Гимадиев.

Бағалау матрицасына сәйкес, Алматы облысы «қызыл» аймақта орналасқан. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.