$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 13:25
Жаңалықтар

Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты

Рашид Жақсылықов себебін түсіндірді

Қазақстандық мұнайшылардың 90%-ы вакцинадан бас тартты
Azattyq Rýhy / Батыржан Беспаев

Қазақстандағы мұнай-кен орындары қызметкерлерінің 90%-ы коронавирусқа қарсы вакцина алуға үзілді-кесілді қарсы. Соның салдарынан «Теңіз» кенішінде жаңа зауыттың құрылысы тоқтап тұр. Бұл туралы Қазақстан Мұнай сервистік компаниялары одағының төралқа төрағасы Рашид Жақсылықов мәлімдеді.

Екпеден бас тартудың бір себебі - вахта әдісімен жұмыс істейтіндерге тиісті жағдай жасалған. Оларға Еңбек кодексінде көрсетілген уақыттан артық жұмыс істегені үшін үстемақы төленеді. Ал кезекшілікке түсер алдында міндетті түрде оқшауланады. Рашид Жақсылықовтың айтуынша, мұндай жағдайда вакцина салдыру мұнайшылар үшін тиімсіз болып отыр.

Айта кетейік, бүгінде кәсіпорынға коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының 90 мыңға жуық доза жеткізілді.

Серіктес жаңалықтары