Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Қазақ телевизиясының ардагері Әміролла Саримов дүниеден озды

Әміролла - Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі

көрнекі фото

Мәжіліс депутаты Айдос Сарымның әкесі Әміролла Сарымов дүниеден озды. Қаралы хабарды ҚР Президентінің көмекшісі Ерлан Қарин жеткізді.

«Әміролла Сарым қазақ телевизиясы мен радиосының дамуына зор үлес қосқан ардагер журналист болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын «Қазақстан» корпорациясында қызмет еткенде ағамызбен жиі жүздесіп, пікір алмасқан едік. Ол сырқатына қарамай, қазақ телевизиясының 60 жылдығын ұйымдастыруға белсене атсалысты. Парасатты, салмақты, ерекше мейірімді кісі еді», - деп жазды.

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым пандемия талаптарына сай ырым-жоралғыларды шектеуге мәжбүр екенін хабарлады. Марқұмның жаназасы 14 сәуірде сағат 10:00-де Паримбетов 9а көшесіндегі (Алматы қаласы, Жандосов көшесінің бойы, Таугүл ықшамауданы) мешітте шығарылады.

Тегтер: