$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 01:18
Жаңалықтар

Еліміздің бес өңірінде өзен суы тасуы мүмкін – «Қазгидромет»

Синоптиктер бес облыстың тұрғындарына ескерту жасады

 
Еліміздің бес өңірінде өзен суы тасуы мүмкін – «Қазгидромет»

«Қазгидромет» РМК Қазақстанның бес облысындағы өзендердің суы тасуы мүмкін екенін мәлімдеп, тұрғындарға ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өңірлерде жылы ауа температурасы сақталатындықтан, өзендегі мұз қабаты жылдам еріп, мұз кептелістерінің пайда болуына әкеп соғуы мүмкін.  

«2021 жылғы 12-16 сәуір аралығында Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Қарағанды облыстары аумағында еріген қар суы ағынының артуына, өзендердегі мұз қабатының жылдам еруіне және мұз кептелістерінің пайда болуына әкеліп соғатын жылы ауа температурасы сақталатындықтан, өзендерде су деңгейі көтерілуі және жайылмалық аумақтарға таралуы мүмкін», - делінген «Қазгидрометтің» баспасөз хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары