$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.04.2021, 00:51
Жаңалықтар

Қазақстанда тегін салынатын екпелер саны артты

Тізімге енген екпелер республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі

Қазақстанда тегін салынатын екпелер саны артты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда тегін салынатын екпелер саны артты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

ҚР Үкіметі 2020 жылғы 24 қыркүйектегі «Медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде оларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер жүргізілетін аурулардың тізбесін, екпелерді жүргізу қағидаларын, мерзімдерін және халықтың профилактикалық екпелерге жататын топтарын бекіту туралы» №612 қаулысына өзгерістер енгізді.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин қол қойған өзгерістерге сәйкес, мына инфекциялық және паразиттік ауруларға қарсы міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін республикалық бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі:

- құтырма;

- сүзегі;

- көктемгі-жазғы кене энцефалиті;

- оба;

- коронавирус инфекциясы.

Сонымен қатар, төмендегі инфекциялық ауруларға қарсы эпидемиологиялық көрсетілімдер бойынша міндетті профилактикалық екпелер (вакциналар мен басқа да иммундық биологиялық препараттарды салу) егілетін адамнан вакцинация жүргізуден хабардар екені жөнінде келісім алғаннан кейін жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен жүргізіледі:

- «А» вирусты гепатиті;

- тұмау;

- күйдіргі;

- туляремия.

Аталған қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 

 
Серіктес жаңалықтары