ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 595 мыңнан асты

Ауа райы: Қазақстанның бес облысында ескерту жарияланды

Республиканың кей өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауады, кей өңірде қалың тұман түседі

Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің бес өңірінде ауа райының бұзылуына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

13 сәуірде Түркістан облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.  

13 сәуірде Ақтөбе облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 18 м/с жетеді.

13 сәуірде Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

13 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15 м/с жетеді.

13 сәуірде Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с жетеді.