$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
11.04.2021, 14:19
Жаңалықтар

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 16 жолаушы ұшып келді

Елімізге бір тәулікте 35 халықаралық әуе рейсімен 5287 әуе жолаушысы келген

Өткен тәулікте ПТР-анықтамасы жоқ 16 жолаушы ұшып келді

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 10 сәуірде халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 10 сәуірінде Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Үндістан, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 35 халықаралық әуе рейсі келді.

5287 әуе жолаушысының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 5259 адам, анықтамасы жоқ 28 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 934 жолаушы, анықтамамен - 2924, анықтамасыз - 10;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс, 831 жолаушы, анықтамамен - 818, анықтамасыз - 13;

- Шымкент қаласының әуежайына – 6 рейс, 737 жолаушы анықтамамен келген;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 361 жолаушы, анықтамамен - 359, анықтамасыз - 2;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 147 жолаушы анықтамамен келген;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 129 жолаушы анықтамамен келген;

- Түркістан қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы, анықтамамен - 145, анықтамасыз – 3 жолаушы келген.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

Сондай-ақ 2021 жылдың 9 сәуірінде шетелден анықтамасыз келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі жарияланды.

«Анықтамасыз келген 16 қазақстандықтың ПТР-талдаулары теріс нәтиже көрсетті», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары