КВИ таралуы бойынша Жамбыл облысы «сары» аймаққа енді – ДСМ
Еліміздің сегіз өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 11 сәуірде жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Жамбыл облысы «сары» аймақта тұрған өңірлер қатарына өтті. Ал еліміздің сегіз өңірі әлі де «қызыл» аймақта тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Атап айтсақ:
«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Алматы қаласы, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр;
«Сары» аймақта: Шымкент қаласы, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстары тұр;
Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.
Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 2734 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 269 519 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте тағы 24 адам көз жұмды.