ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 1800-ден астам адамнан коронавирус анықталды

Экс-министр Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді – адвокат

Жақында Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі ұзартылды

Елжан Біртанов, фото: ашық дереккөзден

Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың денсаулығы сыр берді. Қазіргі таңда оған медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Бұл туралы бұрынғы бас дәрігердің қорғаушысы Дмитрий Куряченко Astana TV тілшілерне берген сұхбатында айтты.

Сондай-ақ адвокат оны үй қамағында негізсіз ұстап отырғанына наразы. Ол «Біртановтың ісіне» кедергі келтіру деп есептейді. Адвокаттың айтуынша, тергеу әрекеттері кезінде іс бір жақты болып қалады, дейді. Яғни, тергеушілер Елжан Біртановты қудалаудың барлық себептерін қарастырып жатыр деген пікірде. Сондай-ақ ол экс-министрдің ақша жымқыру және ысырап ету фактісіне нақты дәлелдің жоғын алға тартты. Айта кетейін, Елжан Біртановты үйқамақта ұстау мерзімі 30 сәуірге дейін ұзартылған болатын.

«Керісінше, оның кінәсіздігін растайтын фактілер жетерлік. Негізгі күдік хорватиялық «Эриксон Никола Тесла» компаниясының интеграцияланған Денсаулық сақтау платформасының жеткізушісі жасаған болжамдарға негізделген. Алайда, тіпті EGOV сайтында азаматтар анықтаған медициналық мекемелерде тіркеу туралы жақында болған жанжал платформаның жұмыс істеп тұрғанын растайды. Бас прокуратура Біртановты қорғаудың өтінішін қолдап, тергеу туралы «Эриксон Никола Тесланың» қатысуымен қайта сараптама тағайындады», - дейді экс-министрдің адвокаты Дмитрий Куряченко.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың 3 қарашасында экс-министр Елжан Біртанов бюджет қаражатын ысырап етті деген күдікпен қамауға алынды.