$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 00:29
Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр

Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аударымдары 60 есе ұлғайған

Оңтүстік Кореяда 12 мың қазақстандық заңсыз жұмыс істеп жүр
Фото: ашық дереккөзден

Шетелде заңсыз жұмыс істеп жүрген қазақстандық жастар көп. Бір ғана Оңтүстік Кореяда 12 мыңнан астам жерлесіміз жасырын жұмыс істеп жүр. Бұл тек ресми мәлімет, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Қазақстандық жастар үшін жасырын еңбек етуге таптырмайтын елдер қатарында Оңтүстік Корея көш бастап тұр. Бұл елге жерлестеріміз заңсыз еңбек ету үшін, соңғы 6 жылда туристік визамен баратын болған. Олардың басым көпшілігі қара жұмыс істейді. Себебі, заңсыз жұмысқа тек құрылыс, немесе зауыт-фабрикаларда ғана мүмкіндік бар көрінеді. Оның өзі қауіпсіз емес.

Мысалы, 2014 жылдан бері Оңтүстік Корея еліне баратын мигранттардың саны 359 адамнан, 2019 жылы 12 мың адамға дейін күрт өсті. Көбі 20 мен 35 жас аралығындағы еңбекке қабілетті жастар.

2012 жылдан бастап 2019 жылға дейін Оңтүстік Кореядан Қазақстанға ақша аударымдары 1,7 миллионнан 105 млн. АҚШ долларына дейін өскен. Яғни 6 жылдың ішінде аударылған қаржы көлемі 60 есе ұлғайған.

Серіктес жаңалықтары