$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.04.2021, 01:39
Жаңалықтар

Ақтөбеде мандариннен балалар қайтыс болғаны туралы қауесет тарап жатыр

WhatsApp мессенджерінде мандаринді сатып алмауға кеңес беретін аудиохабарлама тарап жатыр

Ақтөбеде мандариннен балалар қайтыс болғаны туралы қауесет тарап жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде мандарин жеген балалар арасында өлім жағдайы тіркеліп жатқаны туралы ақпарат таралды. Ақтөбе облысының полициясы түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға апельсин мен мандаринді сатып алмауға және тұтынудан бас тартуға кеңес беретін аудио хабарлама тарап жатыр. Оларды тұтынғаннан кейін Ақтөбеде бірнеше бала қайтыс болды деген болжам айтылған.

"Ақтөбе облысының полиция департаменті бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын хабарлайды. Сондай-ақ, тұрғындарға жалған ақпарат таратқаны үшін ҚР қолданыстағы заңнамасында жауапкершілік қарастырылғанын хабарлаймыз", - делінген департаменттің Instagram желісіндегі ресми парақшасында.

Серіктес жаңалықтары