$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
31.03.2021, 21:58
Жаңалықтар

Павлодар облысында су басуы мүмкін елдімекендер бақылауға алынды

28 елдімекен бақылауға алынды

Павлодар облысында су басуы мүмкін елдімекендер бақылауға алынды
Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында су басуы мүмкін 30 шақты елді мекен бақылауға алынды. Су тасқыны қаупі бар учаскелерге тұрақты түрде мониторинг жүргізілуде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Рavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Өткен жылдардағы су тасқыны кезеңдерінің талдауларына сүйене отырып, 28 елді мекен бақылауға алынды. Су тасқыны кезеңін бағалау үшін Ақтоғай, Баянауыл және Ақсу ауылдық аймақтарының су басуы мүмкін қауіпті учаскелеріне шығу жүзеге асырылды. Мұндай учаскелерге тұрақты түрде мониторинг жүргізіледі. Онда халық саны 3672 адам болатын 972 тұрғын үй, сондай-ақ автомобиль жолдарының 4 учаскесі орналасқан. Бұл - республикалық Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ульяновский жолының 101 және 105 шақырымы, Баянауыл ауданының Көкдомбақ, Жаңажол және Жаңатілек ауылдарының жергілікті маңызы бар жолдары», - деді Ернұр Өтегенов.

ТЖ департаментінің бастығы су тасқыны кезеңіндегі төтенше жағдай қаупі туындаған жағдайда халықтың арасында түсіндіру және оқыту бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілетінін айтады.

«Павлодар қаласының 2030 жылға дейінгі жаңа қосымша келісімге сәйкес бас жоспарына қосымша Павлодар қаласының жерасты суларының дренаждық және нөсерлік желілеріне гидрогеологиялық картамен техникалық - экономикалық негіздемені әзірлеуге 116.4 млн теңге бөлінді. Жобаны аяқтау мерзімі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды», - дейді Ернұр Өтегенов.

Серіктес жаңалықтары