ШұғылҚазақстанда коронавирусты қайта жұқтыру бойынша 800-ге жуық жағдай тіркелді

Алматыда КВИ жұқтырғандар Halyk Arena спорт кешеніндегі провизорлық орталыққа жатқызылуда

Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекцияның 526 жаңа жағдайы тіркелді 

Алматыда COVID-19 жұқтырған науқастарды Halyk Arena спорт кешеніне әкетіп жатыр. Ондағы провизорлық орталық жуырда жұмысын қайта бастады. Соңғы тәулікте Алматыда 526 адам инфекция жұқтырғаны анықталды. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, Halyk Arena спорт кешеніне орташа ауыр жағдайдағы науқастар жатқызылады. 

«Халық арена қайта іске қосылды. Таңертең 18 адам түсті. Мұндай шешім мегаполис тұрғындары арасында коронавирус инфекцияның таралуына қарсы күрес аясында қабылданды. Спорт кешенінде 1000 орын бар. Онда коронавирус жұқтырған науқастарға медициналық көмек көрсету үшін барлық жағдай жасалған. Заманауи жабдықтар жеткізілді, науқастарды емдеудің барлық талабына сәйкес келеді», - деп хабарлады Алматы ҚДСБ баспасөз қызметі.   

Спорт кешені былтыр карантин басталғанда ауруханаға ауыстырылды. Ол жерде 1000 науқас қабылдауға болады. Вирусты жұқтыру көрсеткіші бәсеңдеген кезде Halyk Arena жабылған еді. Бұдан бөлек қаладағы 7 қонақ үйде 815 адамға арналған қосымша орындар ашылған. Ол жерлерде қазір науқастар жоқ. 

«2021 жылдың 30 наурыз күні коронавирустық инфекцияның 526 жаңа жағдайы тіркелді (жергілікті), оның 425-і симптомдық белгілері бар және 101 симптомсыз. Бір тәулік ішінде – 306 науқас қабылданды, стационардан 209 науқас шығарылды. Барлық инфекциялық стационарларда (5 000 төсек-орын) физикалық тұрғыдан 2 783 адам (109 бала) ем алуда, оның ішінде аса ауыр – 46, ауыр түрде – 350, ауырлықтың орташа дәрежеде – 2 387. Жалпы реанимация және интенсивті терапия бөлімшесінде –  125 ( бос  төсек-орын саны–295).  ӨЖЖ – 6, инвазивті емес ӨЖЖ – 54, High flow-да 35 аппарат жұмыс істейді», - деді басқарманың баспаөз қызметі.