ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

СҚО-да оқушылар төртінші тоқсанды мектепте оқиды

Қазір өңір «жасыл аймақта»

Фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында барлық оқушылар төртінші тоқсанда мектепке оралады. Күні кеше коронавирус індетінің таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында осындай шешім қабылданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Адам саны 300-ден аспайтын оқу ошақтары штаттық режимге ауысады. Бірақ сыныптардағы балалар саны 25-тен аспауы қажет. Қазір өңір «жасыл аймақта». 476 мектептің тек екеуі жұмысын онлайн форматта жалғастырады. Себебі өңірде 8 оқушы мен 5 мұғалім қауіпті індет жұқтырып алған. Ал вакцина салдырған педагог саны 600-ден асады.

«Алгебра, геометрия, физика, химия, биология, география, Қазақстан тарихы, қазақ, орыс, шет тілдері сияқты негізгі пәндердің 70%-і мектепте, ал 30%-і қашықтықтан оқытылатын болады. Өкінішке орай, біздің екі мектебіміз бар. Болжауымыз бойынша бұл екі мектеп қашықтықтан оқуларын бастайды деп отырмыз. Ол Вагулин ауылы, Қызылжар ауданында және Мағжан Жұмабаев аудандағы Медвежинское орта мектебі», - деді облыстық білім басқармасының басшысы Гүлмира Кәрімова.