ШұғылCOVID-19: Қазақстанда өткен тәулікте 7800-ге жуық адамнан вирус анықталды

БҚО-да тойға барғандарға 83 мың теңге айыппұл салынды

Жаңа қаулыға сәйкес қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбіде жабылады

Батыс Қазақстан облысында эпидемиологиялық жағдай ушығып тұр. Бірақ санитариялық талапты елеп, ескеріп жатқандар аз, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Енді шектеу шараларын ескермеген жеке тұлғаларға да талап күшейді. Той-домалақ жағалаған тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салу көзделіп отыр. Қызыл аймаққа енген өңірде соңғы төрт күнде 355 адамнан коронавирус анықталыпты. Санитар мамандар «бұл 600 мыңнан сәл асатын тұрғыны бар облыс үшін өте көп» деп дабыл қағып отыр. 1 сәуірден бастап күшіне енетін жаңа қаулыға сәйкес дәмхана мен мейрамхана секілді қоғамдық тамақтану орындары сенбі-жексенбіде жабылады. Қалған уақытта түнгі 10-ға дейін жұмыс істейді. Демалыс күндері сауна, бассейн мен фитнесс, СПА орталықтар да жұмысын тоқтатады.

«Тағы бір өзгеріс: 1 сәуірден бастап бізде IV тоқсан басталады. Сондықтан Бөрлі бәйтерек Орал қаласындағы мектептердің бәрі 1-5 кластағы балалар 15 балаға дейін қабылдай алады ата-аналарының арыздары бойынша. Қалған балалар бәрі  онлайн режимге көшу керек. Себебі осы 3 территорияда эпидахуал өте нашар.  Соның ішінде Орал қаласында. Балабақшалар бәрі кезекші топта жұмысын жалғастырады. Қалған 9-10-11 класс биыл бітіретін 70 проценті комбинированный оқуда болады да 30 пайызы дистанционкада бұрынғы қаулыға сәйкес жұмыс жасайды», - деді облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұхамғали Арыспаев.

Тегтер: