ШұғылҚазақстанда коронавируспен ауырғандар саны 404 мыңнан асты

Павлодар облысында су тасуы мүмкін 28 аумақ бар

Сәуір айында күн күрт жылынады деген болжам ба

Павлодар облысында әзір тоң жібіп, қар ери қойған жоқ. Дегенмен, сәуір айында күн күрт жылынады деген болжам бар. Сондықтан аймақтағы су басуы мүмкін елді мекендер құтқарушылар бақылауына алынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Бүгінде қауіпті 28 аумақ бар. Бұл ауылдарда үш мыңнан астам халық тұрады. Баянауыл ауданының Сәтбаев ауылдық округіндегі «Қалқаман-Үміткер-Ульяновск» жолын жыл сайын су шайып кетеді. Қазір сол жерде көпір салынып жатыр.

«Біршама уақыттан соң қар ери бастайды. Бүгінде күш құрылымдарымыз сақадай сай. Су тасу жағдайы жіті бақылауымызда. Облыс орталығында да су басуы ықтимал учаскелер бар. Мәселен, «Екінші Павлодар», «Зеленстрой» шағын аудандарында қар шығару жұмыстары әлі күнге дейін жүргізіліп жатыр. Қар су жинала қалса үйлерге кіреді. Себебі дренаж ұңғымалары жұмыс істемейді», - деді облыстық ТЖД басқармасының аға инженері Асқар Бүркітбаев.