Белгілі тарихшы, археолог Сәйден Жолдасбайұлы қайтыс болды

Ол 85 жасында дүниеден өтті

Белгілі тарихшы, археолог Сәйден Жолдасбайұлы қайтыс болды

Тарих ғылымдарының докторы, профессор Сәйден Жолдасбайұлы Ол 85 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Сәйден Жолдасбайұлы 250-ден астам қыстау қонысында қазба жүргізді. Ғалым мектеп пен жоғары оқу орындарына арналған көптеген оқулықтың авторы.

1958-1963 жылдары С.М.Киров Қазақ атындағы мемлекеттік университетін «тарих-қоғамтану» мамандығы бойынша бітірді.

1968-1971 жылдары Қазақ ССР Ғылым Академиясының Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология институтының аспирантурасы.

1972-1975 жылдары Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының кіші ғылыми қызметкері болып жұмыс істеді.

1975 жылы Ш.Ш.Уәлиханов атындағы тарих, археология және этнология институтының (Алматы қ.) мамандырылған ғылыми кеңесінде «Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесін алу мақсатында «ХV-XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті» тақырыбы бойынша диссертация қорғаған.

1976 жылы КСРО-ның Жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімімен «Археология» мамандығы бойынша тарих ғылымының кандидаты ғылыми дәрежесінде бекітілді.

1976-1978 жылдары КСРО Ғылым Академиясы Президиумы шешімімен «археология» мамандығы бойынша аға ғылыми қызметкер ғылыми атағы берілген.

1979-1980 жылдары қазақтың Абай атындағы мемлекеттік педагогикалық институтының тарих факультетінде Қазақ ССР тарихы кафедрасында ұстаздық қызмет атқарды.

1981-2002 Қазақтың әл-Фараби атындағы мемлекеттік ұлттық университетінде Тарих факультетінде «Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар тарихы» кафедрасында ұстаз болды. 

1986 жылы СССР Министрлер Советінің жоғарғы аттестациялық комиссиясының шешімі бойынша «доцент» ғылыми атағы берілді. 

1997 жылы Қазақ Ғылым Академиясының Археология институтының (Алматы Қ.) мамандырылған кеңесінде Археология және Отан тарихы мамандығы бойынша өтіп, Ш.Уәлиханов атындағы «тарих, этнология» институтының докторлық кеңесінде доктор атағын алу үшін «Жетісу аймағындағы елді мекендер мен тұрақ-жайлардың даму тарихы және олардың экономикалық тиімділігі (ХVI-XVIIIғғ.)»  тақырыбында докторлық диссертация қорғаған. 

2002 жылдан осы күнге дейін Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде жұмыс атқарды. 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.