$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.03.2021, 21:24
Жаңалықтар

Алматыда мониторинг тобы қыз ұзату тойын тоқтатты

Қалада мониторинг топтарының саны 32-ден 40-қа дейін ұлғайтылды

Алматыда мониторинг тобы қыз ұзату тойын тоқтатты

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров мониторинг топтарының жұмысын күшейтуді тапсырды. Олардың саны 32-ден 40-қа дейін ұлғайтылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

21-26 наурыз аралығында қалада 98 тексеру жүргізілді, онда 1911 нысан қамтылып, 300-дей белгіленген жұмыс режимінің бұзылуы, эпидемияға қарсы талаптардың сақталмау дерегі анықталды. Сонымен қатар, 26-27 наурыз аралығында түнгі тексеру барысында 17 бұзушылық тіркелді.

Мониторинг топтары анықтап, жолын кескен шаралар арасында үйлену тойлары, отбасылық және адамдар көп жиналатын өзге де мерекелік іс-шаралар бар. Мысалы, Әуезов ауданында 26 наурызда сағат 20.00-де «Ақсай 4», № 15а мекенжайындағы «Достар Сарайы» мейрамханасында «қыз ұзату» шарасы тоқтатылды. Тиісті шаралар қабылданды.

Айта кетейік, Алматы эпидемиологиялық жағдай бойынша әлі де «қызыл» аймақта тұр. Өткен тәулікте қалада 450 адамнан коронавирус анықталды.

Серіктес жаңалықтары