Елордада «Алтын тұғыр-2019» сыйлығы табысталды
Елорда төрінде жыл үздіктеріне «Алтын тұғыр-2019» сыйлығы табысталды
Елорда төрінде аударыспақ, теңге ілу, жамбы ату, көкпар , бәйге мен құсбегілік бәсекелерінде топ жарған спортшылар марапатталды. Тоғызқұмалақтан, асық атудан, қазақ күресінен халықаралық жарыстарда топ жарғандар жүлдеге ие болды деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kz сайтына сілтеме жасап.
Жыл үздіктеріне «Алтын тұғыр-2019» сыйлығы табысталды. Оның өтуіне Ұлттық спорт қауымдастығы мен Nur-Otan партиясы ұйытқы болды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған шара жастарды ерлікке, батылдыққа, ептілікке, өжеттікке тәрбиелеуді көздейді. Ұлттық спорт бәсекелерінде ел намысын асқақтатып жүрген азаматтарымыздың есімін ардақтайтын думанды кеш осымен жетінші мәрте өтізіліп отыр.
« Біз Алматы облысынан келдік. Биылғы «Алтын тұлпар» Атырау облысында өтті. Қоянқасқа деген атпен сол жерден бірінші келдік. Қоянқасқадан басқа бірнеше жүйрік тұлпарымыз бар. Бірқатар бәйгені ұтып алдық. «Алтын тұғыр» бәрімізге ортақ», - дейді «Алтын тұғыр-2019» сыйлығының иегері Қуат Әбсалямов.