05.12.2019, 19:41
Жаңалықтар
Жәнібек Әлімханұлы IBF рейтингінде 15 орынға көтерілді
Қазақстандық боксшы 2016 жылдан бастап кәсіпқой бокста бақ сынап келеді
Орта салмақтағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлы (8-0, 4 КО) соңғы жеңісінен кейін (нокаут) Халықаралық бокс федерациясының (IBF) рейтингінде үздік 15 боксшының қатарына енді. Бұл туралы Vesti.kz сайты хабарлайды.
Боксшы соңғы жекпе-жегінде АҚШ-тың Фресно қаласында канадалық Альберт Онолуносені (24-3-1, 8 КО) нокаутпен жеңген. Осылайша, Жәнібек орта салмақта WBC Continental Americas және WBO Global белбеулерін қорғап қалды. Қазақстандық боксшы осы жекпе-жектен кейін 12,5 мың доллар алды, сондай-ақ IBF рейтингінде 15 орынға жайғасты. Бұл тұжырым бойынша чемпиондық өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) еншісінде.
Көп оқылған
10.11.2026, 10:46
«Мен кәсіби боксшы емеспін»: әйелді ұрған жасөспірім Түркістандағы төбелестің неден басталғанын айтып берді
10.11.2026, 11:07
4,5 мың жетімді бауырына басқан: 70-тен асқан Әмина апа минивэнімен балаларға азық-түлік тасып жүр
10.11.2026, 12:58
Қаракемердегі үш оқушының қазасы: прокуратура «Система» деген бейресми топтың жігіттерін ұстап алды (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды