Шұғыл«Тағы да антирекорд»: Қазақстанда өткен тәулікте 6 521 адамнан коронавирус анықталды

Түркістанда Бекзат Саттархановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Жарысқа Қазақстан, Қытай және Өзбекстаннан 130-ға жуық спортшы қатысты

 

20 наурызда Түркістан қаласында Олимпиада чемпионы Бекзат Саттархановты еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жарысқа Қазақстан, Қытай және Өзбекстаннан 2002-2004 жылдары туған 130-ға жуық спортшы қатысты:

49 келі: Жарас Қомшабаев (Маңғыстау облысы),

52 келі: Ғаббас Дүйсекенов (Павлодар),

56 келі: Мадияр Қыдырәлі (Түркістан облысы),

60 келі: Сағын Арман (Түркістан облысы),

64 келі: Абзал Серік (Шымкент),

69 келі: Әділжан Жандарбек (Түркістан),

81 келі: Рахат Жаңабек (Түркістап),

90 келі: Темірлан Аманбек (Елорда),

91 келі: Диар Роман (Түркістан облысы).

Айта кетейік, турнир жеңімпаздары сәуір айында Польшада өтетін жастар арасындағы әлем чемпионатына қатысады.