$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 00:21
Жаңалықтар

Алматыда ПТР-зертханалардың қуаттылығы артады

Қала аумағында орналасқан зертханаларда 1,1 млн тест жүргізілген

Алматыда ПТР-зертханалардың қуаттылығы артады
Фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Ержан Бабақұмаров қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшинмен бірлесіп ПТР-зерттеулер жүргізілетін зертханалардың басшыларымен онлайн кеңес өткізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кеңес барысында қала тұрғындарының коронавирустық инфекцияға ПТР-диагностикасын жүргізу мәселелері қаралды, атап айтқанда, қолда бар резервтер және күрделі эпидемиологиялық жағдай аясында зерттеулер ауқымын ұлғайтуға дайындық туралы ақпарат тыңдалды.

«Бұған дейін қала тұрғындарының ПТР-тесттерге деген сұранысы 4 мыңды құраса, эпидемиологиялық жағдайдың ушығуын ескере отырып, жүргізілетін зерттеулердің тәуліктік көлемі 8 мыңға дейін көбейгені атап өтілді», - делінген хабарламада.

Ержан Бабақұмаров қала зертханаларының алдында таяу күндері ПТР-тестілеуді өткізудің жалпы қуатын тәулігіне ағымдағы 14,2 мыңнан 25 мыңға дейін арттыруға дайындығын қамтамасыз ету бойынша іс — шараларды жұмылдыру және қабылдау міндеті тұрғанын атап өтті. Ол үшін зертханалық топтардың санын арттыру, сондай-ақ екі ауысымды режимді енгізу арқылы үздіксіз жұмысты құру бойынша тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, қалада эпидемиологиялық жағдайдың ушығуы және қала аумағында COVID-19 жаңа штаммының таралуы жалғасқан жағдайда, жүргізіліп жатқан зерттеулер көлемін одан әрі 35 мыңға дейін арттыру мүмкіндігін қарастыру тапсырылды.

Өз кезегінде, қаланың Бас мемлекеттік санитар дәрігері Ж. Бекшин зертхана басшылығының назарын жинау пункттерінде дезинфекциялық режимді қатаң сақтауды қамтамасыз ету қажеттігіне аударды.

Жалпы, бүгінгі таңда қала аумағында орналасқан зертханаларда 1,1 млн тест жүргізілген, оның ішінде 30 мыңы оң нәтиже көрсеткен.

Соңғы тәулікте мегаполисте КВИ жұқтырудың 410 жағдайы тіркелді. Алматы әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарын карантин шараларының — әлеуметтік қашықтықтың, бетперде режимінің сақталуын күшейтуге, сондай-ақ адамдар көп жиналатын орындарға, әсіресе, созылмалы аурулардан зардап шегетін және 65 жастан асқан тәуекел тобындағы адамдарға барудан бас тартуға шақырады.

COVID-19-ға зерттеуді жүзеге асыратын ПТР зертханалардың тізімі:

1. Алматы қаласы бойынша «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК филиалы, Медеу ауданы Жібек Жолы көшесі, 3; (nce_almaty@mail.ru), 382-3565;
2. «КДЛ ОЛИМП» ЖШС, Алмалы ауданы, Төле би көшесі, 83, Ofis.almaty@kdlolimp.kz;
3. Алматы қ. «INVITRO» — Қонаев к-сі, 32 infokz@invitro.kz, 258-5888;
4. «Alatau Clinic» ЖШС — Талды Арал к-сі, 2; alatau clinic@mail.ru, 339-1726;
5. «El Lab PCR» ЖШС — Қарғалы ықш., Кенесары хан көшесі, 61А, El-lab.pcr@mail.ru, 364-6464;
6. «Аква Лаб» ЖШС — Сейфуллин көшесі, 287, эл. пошта Overkom911@rambler.ru, 346-7676;
7. «Приват клиник Алматы» ЖШС — Мирас көшесі, 45, elene-serg@yandex.ru, +77017837937;
8. «Гамма Лаб» ЖШС — Ходжанов к-сі, 55А , info@gammalab.kz, 313-1737;
9. «Innosol» ЖШС — Қазыбек би к-сі, 96; эл. пошта a.bolatbekova@innosol.kz;
10. Алатау ауданы ҚБЖАА ПТР бөлімі, Теректі ш. а, Ташкент тракті, 541, эл. пошта atakentmodyl20@mail.ru;
11. «Нур-лаб-2030» ЖШС — Беспақов көшесі, 60 Б, эл.пошта Nur.lab@bk.ru, тел. +77076950244;
12. «Медицина 100+» — Әшімов к-сі, 1К, эл.пошта ilab_kz@mail.ru, +7707663387;
13. М. Айқымбаев атындағы АҚИҰҒО — Түрксіб ауданы, Қапал көшесі, 14; эл. пошта nti72@mail.ru , тел. 223-3821;
14. «КасМед» ЖШС — Байқадамов к-сі, 5, эл.пошта ironchess@mail.ru, тел. 344-0303;
15. Medical Partners Korea Qazaqstan — «Нурлытау» БО, info@mpk.kz, 355-4100;
16. «Биотехнология ұлттық орталығы» ЖШС, Түрксіб ауданы Қапал көшесі, 14;
17. Иммунотест» ЖШС — Ғабдуллин к-сі, 24, эл. пошта immunotest@mail.ru, 292-2289;
18. SMLAB ЖШС — Шагабутдинов к-сі, 169, эл. пошта Baimoldaeva.zh@sapalab.com;
19. МИПО емханасы ЖШС — Торайғыров к-сі, 49/1, mipoclinic@mail.ru, 339-7002.

Серіктес жаңалықтары