$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.03.2021, 23:04
Жаңалықтар

ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды

Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті

 

ТМД-ның алты азаматына Қазақстан шекарасынан өтуге тыйым салынды
Фото: elements envato com

ТМД-ның алты азаматына Павлодар облысындағы Қазақстанның мемлекеттік шекарасынан өтуге тыйым салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап.

Павлодар облысының аумағында мемлекеттік шекараның 4 автомобильді бақылау бекетінде адамдардың қозғалысын бақылау жалғасуда.

Өткен тәулікте шекарадан 700 адам өтті, оның 305-і жаяу және 395-і жүк көлігінің жүргізушісі. 6 адам карантиндік стационарға орналастырылған.

«Соңғы бір тәулік ішінде COVID-19-дың расталған жағдайлары тіркелмеген. Алайда ТМД-ның алты азаматына ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтамасыз келуіне байланысты елге кіруге тыйым салынды. Олардың екеуі - Қырғызстан, төртеуі Ресей Федерациясының азаматы», - делінген хабарламада.

Шектеу шаралары енгізілген уақыттан бастап Павлодар облысына 77 724 адам келген. Анықтамасыз келген 2475 қазақстандық азамат карантиндік стационарларға ПТР тексеруден өту мақсатында орналастырылды. Індеттің симптомсыз түрін жұқтырудың 144 жағдайы анықталған.

Серіктес жаңалықтары