$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.03.2021, 01:41
Жаңалықтар

Павлодарлықтар ұлттық нақышта үй безендіруден сынға түсті

Наурыз мейрамы аясында «Шаңырақ–Best» онлайн байқауы өтті

Павлодарлықтар ұлттық нақышта үй безендіруден сынға түсті

Естай атындағы мәдениет сарайының халық шығармашылығын дамыту бөлімшесі «Наурыз – 2021» мейрамы аясында «Шаңырақ–Best» онлайн байқауын өткізді, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

«Байқаудың ережесі бойынша ұлттық тұрмыс заттарын, ас үй, ыдыс-аяқ, костюмдерді пайдалана отырып, үйді ұлттық нақышта безендіру керек. Үйге экскурсия стилінде бейнеролик түсіріп, халық мақал-мәтелдері, үй туралы мақал-мәтелдер басым болатын презентацияларға артықшылық берілді. Презентация тек ұлттық костюмдерден ұсынылды. Бейнеролик креативті және ерекше рәсімделуі тиіс. Қазақ және орыс тілдерінде ұсынуға рұқсат етілді. Бейнеролик 3 минуттан аспауы тиіс», - дейді Естай атындағы мәдениет сарайының халық шығармашылығын дамыту бөлімінің меңгерушісі Алма Тұрарқызы.

 
Серіктес жаңалықтары