$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2021, 12:34
Жаңалықтар

Шетелден ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

Әуе рейсімен жеткен 400 жолаушының ПТР-анықтамасы болмаған

 

Шетелден ұшып келген алты жолаушыдан коронавирус анықталды

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті 20 наурызда халықаралық авиарейстермен келген жолаушыларға қатысты ақпарат ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2021 жылдың 20 наурызында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.

4 521 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 121 адам, анықтамасы жоқ 400 қазақстандық келді.

Оның ішінде:

- Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 276 жолаушы, анықтамамен - 2 145, анықтамасыз - 131;

- Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 948 жолаушы, анықтамамен – 787, анықтамасыз - 161;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен – 603, анықтамасыз - 44;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 348 жолаушы, анықтамамен – 311, анықтамасыз - 37;

- Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;

- Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз – 27 жолаушы келген.

Сондай-ақ 2021 жылдың 19 наурызында шетелден анықтамасыз келген азаматтардың ПТР талдауларының нәтижесі жарияланды.

«Анықтамасыз келген 412 қазақстандықтың ПТР-талдау нәтижесі бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген алты жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды», - делінген комитет хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары