$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.03.2021, 11:17
Жаңалықтар

КВИ таралуы бойынша үш өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр – ДСМ

Елдегі эпидемиологиялық ахуал бір тәуліктен бері еш өзгеріссіз қалып отыр

КВИ таралуы бойынша үш өңір әлі де «қызыл» аймақта тұр – ДСМ
Фото: ашық дереккөзден

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 21 наурызда жариялаған өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, коронавирустың таралуына қатысты елдегі жағдай бір тәуліктен бері еш өзгеріссіз қалып отыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.    

Атап айтсақ:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Батыс Қазақстан облысы тұр;

«Сары» аймақта: Ақмола, Алматы, Атырау және Қарағанды облыстары тұр;

Өзге өңірлердің барлығы – «жасыл» аймақта.

Айта кетсек, өткен тәулікте республика бойынша 1171 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды. Жалпы, еліміз бойынша COVID-19 вирусымен ауырғандар саны 231 698 адамға жетті. Сондай-ақ елімізде коронавирус пен пневмониядан бір тәулікте 19 адам көз жұмды.  

 

Серіктес жаңалықтары