Павлодарда есірткі сатумен айналысқан отбасы мүшелері сотталды
Атасы, енесі, келіні және ұлдары есірткі сатумен айналысқан
Павлодарда атасы, енесі, келіні және ұлдары есірткі сатумен айналысқан. Олар есірткіні отбасылық бизнеске айналдырып келіпті. Сот қылмыстық топқа үкім кесті. Топ ұйымдастырушысына 18, қалған мүшелеріне 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасы берілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Топ құрамында бір отбасының 4 мүшесі болған. Яғни, әкесі, 2 баласы, келінімен бірге есірткі сатып күн көрген.
Олар есірткіні Жамбыл облысының Шу ауданындағы сыбайластарынан алдырып, Павлодарда сатқан.
«Қылмыстық топ басшысы мен ұлдарының тұрғылықты мекен-жайын тінту кезінде аса ірі мөлшердегі "гашиш", "героин", сондай-ақ, 200 келіден астам "марихуана" есірткісі және атыс қаруы табылды», - деді облыстық ПД бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.