Атырау облысында жоғалған шопан 6 күннен бері табылмай жатыр

Әзірге іздестіру жұмысынан нәтиже шыққан жоқ

Атырау облысында жоғалған шопан 6 күннен бері табылмай жатыр
Фото: баспасөз қызметінен

Атырау облысында 6 күннен бері жоғалған шопанды таппай жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Фермерлердің айтуынша, 10 наурызда екі шопан отарды өріске шығарған. Оның бірі – 60 жастағы азамат жаңа туған қозыны влфп, түйемен қыстауға беттеген. Ал, екінші шопан кешке отарды қыстаққа әкелген. Жоғалған шопанды іздеу сол күні, 10 наурызда басталды. Оған аудандық төтеншеліктер мен полиция қызметкерлері жұмылдырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Алайда, әзірге іздестіру жұмысынан нәтиже шыққан жоқ.

«Бес сағатқа жуық әуеден іздестіру жүргізілді. Тікұшақпен Исатай, сондай-ақ көршілес Махамбет және Индер аудандарының Батыс Қазақстан облысының аумақтық шекарасына дейінгі шалғай учаскелер зерттелді. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері шалғайда қараусыз қалған қыстауларды да тексерді» -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.