Алматы облысында жедел-жәрдем қызметінің жүргізушісіне науқастың туысы пышақ ала жүгірген
Науқаста биологиялық өлім болған
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауруханасындағы жедел-жәрдем қызметінің жүргізушісіне науқастың туысы пышақ ала жүгірген. Тіпті жұдырық жұмсап үлгеріпті. 54 жастағы ер адам, қазір ауруханада жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Есік қаласының тұрғыны Еңбекшіқазақ ауруханасынан жедел-жәрдем шақыртқан. Алғашқы медициналық көмек 13 минутта жеткен. Олар науқаста биологиялық өлімнің болғанын анықтапты.
«Келген кезде науқасты қарап тексердім, ол жерде биологиялық өлім тіркелді. Оны туыстарына түсіндіріп жеткіздім. Ұлы бар екен ол кісі пышақ алып біздің жүргізушіге қарай жүгіріп неге кешігесіңдер деп, балағаттап. Екінші санат бойынша шақырту болған. Біз шақыртуға уақытпен қарағанда 13 минутта жеттік», - дейді қызметкерлер.
Дәрігерлер марқұм бұған дейін де жүрек талмасымен ауруханаға түскен деп отыр. Ал бұл жолы барғанымызда, оның жағдайының қатты ушыққанын, өмірін сақтап қалудың мүмкін болмағанын аңғардық дейді. Ал қаралы хабарды естіген марқұмның туыстары дәрігерлерге атыла жөнелген.