$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
16.03.2021, 18:29
Жаңалықтар

Теңіз жағасында бесік тербеткен қазақстандық блогер әрекетін түсіндірді

Мальдив аралдарына демалуға барған блогер сәбиі тек бесікте ұйықтайтынын айтты

Теңіз жағасында бесік тербеткен қазақстандық блогер әрекетін түсіндірді
фото: instagram

Қазақстандық белгілі блогер Эльмира Төлегенова Мальдив аралдарына баласын бесігімен бірге апарған. Бұл туралы ол өзінің инстаграм парақшасында жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Блогер қазақстандықтардың әлемнің кез келген бұрышында елімен мақтанатынын алға тартып, қазақтың ұлттық бұйымдарын шетелдіктерге жиі паш ететінін жазған.

«Кейбірі қазысын апарып, бешбармағын (Ет – ред.) пісіріп жатады. Өзгелері қонақүйде қазақтың танымал әндерін қояды. Ал біз болсақ, жүрген жерімізде бесігімізді арқалап жүреміз», - деп жазды Эльмира Төлегенова.

Алайда бесік Мальдив аралдарына бір дегеннен жетпей, кешеуілдеп келген екен.

«Біз бесігімізді Алматыдағы әуежайда жоғалтып алдық. Дегенмен үш күннен кейін оны Мальдив аралына жеткізді. Нәрестеміз тек қана бесікте ұйықтайды. Бұл ата-анаға да жайлы. Біз қазақтар барлығын өзімізбен бірге алып жүруге құштармыз», - деп жазды блогер.

Серіктес жаңалықтары