«Астана» биржасында басшылықтың жалақысы 5000$ болады – Қайрат Келімбетов
АХҚО-да жалақы ұлттық компаниялармен тең
«Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов қызметкерлер бонус алмай, тек жалақыға жұмыс істейтінін хабарлады.
«Бірден айтайын, бізде бонус жоқ, ал жалақы «Бәйтерек» деңгейінде (Келімбетов «Бәйтерек» ұлттық атқарушы холдингі» АҚ туралы айтып тұр - авт)». Ал, Бәйтеректегі» басқарушы адам 5 мың доллар шамасында жалақы алады», - дейді Қайрат Келімбетов.
Ол қазақстандықтарды құнды қағаздарға инвестиция салып, пайда табуға шақырды. Мәселен, Қайрат Келімбетовтің айтуынша, қазір «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының IPO-сы әзірленіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, «100 нақты қадам» бағдарламасының 24-інші және 70-73 қадамдарына сәйкес, құрылған халықаралық қаржы орталығы ЕХРО-2017 көрмесінің аумағында жұмыс істейді.
Бүгін Мәжілісте «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық аңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Онда «Астана» қаржы орталығын дамытуға бюджеттен кемі 36 млрд теңге бөлінетіні айтылды.
Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан