$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 11:57
Жаңалықтар

«Астана» қаржы орталығын дамытуға бюджеттен кемі 36 млрд теңге жұмсалады

Премьер-министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұл халықаралық қаржы орталығына барынша қысқартылып бөлінген қаражат

«Астана» қаржы орталығын дамытуға бюджеттен кемі 36 млрд теңге жұмсалады

Айта кетейік, бүгін Мәжілісте «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық аңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы таныстырылды. Депутаттардың айтуынша, бұл халықаралық қаржы орталығын дамытудың бірінші траншы 2017 жылға дейін бөлінген. Ал, алдағы үш жылға республикалық бюджеттен 36 млрд теңге сұралған. Депутаттар биржаны республикалық бюджеттен қашан толықтай қаржыландыру тоқтайтынын және  сұрады.

«Алдағы үш жылға «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамытуға 36 млрд теңге көзделгені рас. Айта кетейік, бұл сома 24 млрд теңгеге дейін азайғаны (әуел баста үш жылға 50 млрд теңге көзделген – авт)», - деп жауап берді Қаржы министрі.

Яғни, «Астана» биржасын дамыту үшін бұрын жыл сайын 20 млрд теңге көделген.  Қазір ол қаражаттың ең азы 10 млрд теңгеге дейін азайып отыр.

«Келесі жылға «Астана» халықаралық қаржы орталығына 13 млрд теңге,  2021 жылға 13,5 млрд теңге және 2022 жылға 10 млрд теңге көзделген. Осылайша, 2020 жылдан бастап, «Астана» халықаралық қаржы орталығы мемлекеттік қаржыландырудан бас тарта бастайды», - дейді Әлихан Смайлов.

Ал, орталықтың басқарушысы Қайрат Келімбетов «Астана» биржасы Қазақстан экономикасына 100 млрд теңге әкеледі дегенге сенімді. 

«Біздің есепке сәйкес, бес жыл ішінде биржа Қазақстан экономикасына  қосымша 100 миллиард теңге әкеледі», - дейді Қайрат Келімбетов.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан 

Серіктес жаңалықтары