$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 11:27
Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан мен Варшава арасында жаңа әуе рейстері қатынайды

Екі қала арасында күнделікті рейс болады

Нұр-Сұлтан мен Варшава арасында жаңа әуе рейстері қатынайды
Фото: ашық дереккөзден

2019 жылғы 3 желтоқсанда қазақстандық делегация Польшаның авиациялық билігімен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес енгізілген «ашық аспан» режимі аясында екі ел арасында қатынайтын рейстер ұлғайтылатын болды. Қазіргі уақытта олардың саны аптасына 4 рет болса, енді 14-ке жеткізіледі.

«Атап айтқанда, Нұр-Сұлтан-Варшава бағыты күнделікті рейс болады, сондай-ақ Варшава-Алматы бағытына аптасына 7 рет қатынайды. Келіссөздердің қорытындысы бойынша Polish Airlines әуе компаниясы 2020 жылдың жазынан бастап Варшава-Нұр-Сұлтан бағытындағы рейстер санын аптасына 4-тен 7-ге дейін арттыратын болды», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар алдағы жылы Алматыға тұрақты рейстер ашпақшы. Польшаның әуе компаниясы Шымкентке де рейстер ашуды жоспарлап отыр.

Серіктес жаңалықтары