Талдықорған мен Текелі тұрғындары жер сілкінісін сезінді
Жерасты дүмпуін Талдықорғанға жақын ауыл тұрғындары да сезінген
4 желтоқсанда түнгі сағат 01:38-де Алматы облысының тұрғындары жерасты дүмпуін сезінді. Эпицентр Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 303 шақырым жерде орналасқан, деп хабарлайды облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.
Жерасты дүмпуінің энергетикалық санаты – 11.1. MPV Магнитудасы– 5.2. Тереңдігі – 15 км.
ТЖД мамандарының мәліметінше, жер сілкінісін Талдықорған мен Текелі және жақын маңдағы ауыл тұрғындары сезінген.
«Дүмпу Қапал ауылында – 4 балл, Жансүгіров ауылында – 3 балл, Талдықорған мен Текеліде 3 балл деңгейінде тіркелген», - делінген аталған хабарламада.
Жер сілкінісі туралы ақпарат барлық құзырлы органға хабарланған. Зардап шеккендер және зақымданған ғимараттар туралы ақпарат жоқ.