$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
04.12.2019, 04:43
Жаңалықтар

БҰҰ: 2010-2019 жылдар ең ыстық кезең болған

Аталмыш кезеңде орташа ауа температурасы 1850-ші жылмен салыстырғанда 1,1 градусқа жоғарылаған

БҰҰ: 2010-2019 жылдар ең ыстық кезең болған

Ғалымдар 2010-2019 жылдардың аралығы - орташа ауа температурасының бақылауы жүргізіле бастағалы бергі ең ыстық кезең болғанына шүбә келтірмейді, деп жазады ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Мадридте өтіп жатқан климат жөніндегі саммиттегі Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның деректеріне қарағанда, 2019 жыл – ғаламшарда температураны өлшеу қолға алынғалы бергі ең ыстық үш жылдың бірі болған.

Жалпы, 2015-2019 жылдар ең ыстық бесжылдық болып отыр. Оған атмосферадағы булы газдың ұдайы жиналып қалуы себеп болатын көрінеді.

Бұл ақпарат аталмыш ұйымының жаһандық жылу бойынша 2019 жылдың қазан айына дейінгі есебінде айтылды. Аталмыш кезеңде орташа ауа температурасы 1850-ші жылмен салыстырғанда 1,1 градусқа жоғарылаған.

Серіктес жаңалықтары