$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.10.2025, 20:00
Әлем

Ұшақ ішінде түсірілген қорқынышты видео әлеуметтік желіде таралып кетті

Әуе компаниясы рейсті жалғастыру үшін басқа ұшақ жөнелтілгенін хабарлады

Ұшақ ішінде түсірілген қорқынышты видео әлеуметтік желіде таралып кетті
Фото: istockphoto.com

Ханчжоудан Инчхонға бағыт алған Қытайдың Air China әуекомпаниясының ұшағы Шанхай әуежайына шұғыл қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Төтенше жағдайға жолаушының қол жүгіндегі литий батареясының өздігінен тұтанып кетуі себеп болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті.

«Экипаж белгіленген тәртіп бойынша дереу шара қабылдады, ешкім зардап шеккен жоқ. Ұшу қауіпсіздігі үшін ұшақ Шанхайдың Пудун әуежайына шұғыл қонды», - делінген компанияның әлеуметтік желіде жарияланған мәлімдемесінде.

Компания рейсті жалғастыру үшін басқа ұшақ жөнелтілгенін атап өтті.

Еске сала кетейік, бұған дейін Үндістанға қонған ұшақтың құйрық бөлігі өртенген болатын. Өрт ұшаққа электр қуатын беретін жүйеден шыққан. Оқиға жолаушылар түсе бастаған кезде болған.

Серіктес жаңалықтары