$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!»: Мұқасанның сыйлығы Мақпал Жүнісованы қатты қуантты (ВИДЕО)

Халық әртісі сенер-сенбесін білмей, тосылып қалды

«Алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!»: Мұқасанның сыйлығы Мақпал Жүнісованы қатты қуантты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скриншот

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісованы әріптесі Мұқасан Шахзадаевтың сыйлығы қатты қуантты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде видео жариялап, Мұқасанның көзілдірігін ұнатып қалғанын айтты.

«Түркістанда тойда отырмыз. Мұқасанның көзілдірігіне қызығып отырмын. Төрт түске ауысады екен. Америкадан алыпты. Маған да тапсырыс беретін болды. Күшті. Телефон секілді қуатталады екен», - дейді әнші.

Осы кезде тамақтанып отырған Мұқасан Шахзадаев көзілдірікті сыйлық ретінде алып беретінін айтады.

«Сізге тапсырыс емес, сыйлық ретінде алдырамын. Бір көзілдірік алып бере алмасам, не істеп жүрмін?!», - дейді өнер иесі.

Видеодан бұған Мақпал Жүнісованың қатты қуанып кеткенін көруге болады. Халық әртісі «Мәссаған! Маған сыйлық жасамақшы», - деп, сенер-сенбесін білмей, тосылып қалады.

«Қазағымның мәрт азаматы. Сені Мұқасан қуантса, Мұқасанды құдай қуантып, еселеп қайтсын! Құтты болсын! «Қазақтың мәрт жігіттері аман жүрсін! Сыйлық алуға лайықты жансыз! Жарқырап жүре беріңіз! Құтты болсын! Осындай мәрт інілеріңіз аман-есен болсын», - деп жазды желі қолданушылары.

Серіктес жаңалықтары