$ 536.32  626.9  6.6
День конституции
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Елдің кей өңірінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады

Жаңбыр мен қар жауып, үсік жүреді: 19 қазанға арналған ауа райы болжамы жарияланды
Фото: pixabay

19 қазан күні ел аумағының бірнеше өңірінде ауа райы күрт өзгеріп, жаңбыр мен қар жауады, кей жерлерде үсік жүреді. Бұл туралы «Қазгидромет» синоптиктері мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Жаңбыр мен қар аралас жауын болады

Синоптиктердің болжамынша, батыс, солтүстік-батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс өңірлерде жаңбыр мен қар жауады.

Елдің қалған аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

«Республика аумағында желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда тұман түсіп, көріну қиындайды», – делінген хабарламада.

Кей өңірлерде үсік болады

Қызылорда облысында түнде 1–6 градусқа дейін үсік жүреді. Алматы облысының солтүстігінде түнде 1 градусқа дейін үсік байқалады.

Өрт қаупі жоғары аймақтар

Синоптиктердің айтуынша, бірқатар өңірде өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Жоғары өрт қаупі күтілетін облыстар: Маңғыстау, Атырау (солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс), Ақтөбе (оңтүстік және шығыс), Жамбыл (орталық), Қызылорда (солтүстік және орталық), Алматы (батыс), Қостанай (оңтүстік-батыс), Ақмола, Ұлытау (шығыс және орталық), Абай (оңтүстік).

Сонымен қатар Қызылорда, Түркістан, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Алматы, Қостанай, Батыс Қазақстан және Ұлытау облыстарының кей бөлігінде өрттің аса жоғары деңгейі күтіледі.

Серіктес жаңалықтары