$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
10.03.2021, 21:23
Жаңалықтар

Көктайғақ пен қатты жел: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды

Республиканың кей өңірінде 30 градусқа дейін күн суытады

 

 

Көктайғақ пен қатты жел: Қазақстан бойынша дауылды ескерту жарияланды
Фото: ашық дереккөзден

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде 11-13 наурыз аралығында қатты аяз болып, ауа температурасы 30 градусқа дейін төмендеуі мүмкін екенін ескертті. Сондай-ақ республика бойынша күн күрт суытып, көктайғақ, жаяу бұрқасын мен қатты жел болуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласында 11 наурызда жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман күтіледі. Оңтүстік- батыстан екпіні 15-20 м/с күтіледі.

11-13 наурыз аралығында Қостанай облысында ауа температурасы 10-15, кей жерлерде -18-ден -20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градусқа дейін аяз болуы мүмкін. 

11-13 наурыз аралығында Ақтөбе облысында ауа температурасы 15-20 градус аяздан - 22-27, кей жерлерде -30 градусқа дейін күрт төмендейді.

Қарағанды облысында 11 наурызда жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с жетеді.  

11 наурызда Қызылорда облысының кей жерлерінде көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, күші таңертең және күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.  

Түркістан облысының кей жерлерінде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман болады. Жел солтүстік-батыстан соғады, күші түнде кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болвды. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с жетеді.

Павлодар облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болып, батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20, кей жерлерінде 25 м/с жетеді.  

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.  

Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде көктайғақ болып, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. 11-12 наурызда кей жерлерде бұрқасын болып, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады 11 наурызда күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с, 12 наурызда кей жерлерде күші 15-20 м/с, түнде екпіні 25 м/с жетеді.

Серіктес жаңалықтары