$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2021, 13:31
Жаңалықтар

Пандемиядағы шектеулер әуе компанияларына қалай әсер етті?

Азаматтық авиация - пандемияға байланысты экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі

Пандемиядағы шектеулер әуе компанияларына қалай әсер етті?
көрнекі фото

Былтыр әуе компаниялары 5,5 млн адам тасымалдады. Бұл 2019 жылға қарағанда 36% төмен көрсеткіш. Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиевтің айтуынша, бұған пандемия кезінде қойылған шектеулер әсер етті.

Азаматтық авиация - коронавирус пандемиясына байланысты экономиканың ең көп зардап шеккен салаларының бірі. Сондықтан отандық әуе компаниялары мен әуежайлар үшін салықтық жеңілдіктер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары қабылданды.

Бүгінде 45 бағыт бойынша ішкі әуе рейстері қайта ашылды және 12 елге қатынайтын (Түркия, Корея, БАӘ, Беларусь, Украина, Германия, Өзбекстан, Қырғызстан, Египет, Ресей, Мальдив, Шри-Ланка) әуе қатынасы қалпына келтірілді.

Серіктес жаңалықтары