$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
03.03.2021, 12:42
Жаңалықтар

Жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру керек – Мәжіліс депутаты

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасында пәтерлер құрылысын қаржыландыру қарастырылмаған

Жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін тұрғын үй құрылысын жалғастыру керек – Мәжіліс депутаты
Фото: ашық дереккөзден

Бүгін Мәжілістің пленарлық отырысында «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшесі Айгүл Нұркина еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминге жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге қатысты сауал жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Депутат Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасы бойынша 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастарға жалдамалы тұрғын үй берілетінін еске салды. Осы уақыт ішінде жас мамандар мен жас отбасыларға 4 мыңға жуық пәтер берілді. Биыл аталған қалаларда тағы 3 мың пәтер беру жоспарланып отыр.

«Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі Жол картасына сәйкес, Үкімет 2021-2025 жылдар аралығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтін жастар үшін жыл сайынғы негізде жалға берілетін пәтерлер беруді жоспарлап отыр. Алайда, тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес, 2022 жылдан бастап жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын жыл сайын қаржыландыру қарастырылмаған», - деп мәлімдеді Айгүл Нұркина.

Бұл жағдайды шешу үшін депутаттар Айгүл Нұркина және Вера Ким мемлекеттік бағдарламаға жұмыс істейтін жастар үшін жалға берілетін пәтерлер құрылысын қаржыландыруды 2025 жылға дейін ұзарту бөлігінде өзгерістер енгізуді ұсынды.  

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан

Серіктес жаңалықтары