ШұғылҚазақстанда коронавирус жұқтыру бойынша антирекорд: өткен тәулікте 6,1 мың адамнан КВИ анықталған

Қазақстанның бес облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл облыстарда тұман түсіп, жел соғады

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның бес облысында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

2 наурызда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. Батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді. Шымкентте ертең күндіз батыстан соққан жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында күндіз жаңбыр, қар жауады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғуы мүмкін, тұман түседі. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысып, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.