$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
28.02.2021, 16:29
Жаңалықтар

Түркістанда 60 адамға той жасаған тұрғын жауапқа тартылды

Мейрамхана иесі мен тойды ұйымдастырушыларға хаттама толтырылды

Түркістанда 60 адамға той жасаған тұрғын жауапқа тартылды
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан қаласында жергілікті тұрғын мейрамханалардың бірінде қыз ұзату тойын жасаған. 60 адам жинап, құдалық тойын өткізген азамат әкімшілік жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған мейрамханаға учаскелік полицейлер барған. Тойды тоқтатып, қонақтарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Жиналғандарды тарқатып, мейрамхана иесі мен құдалық тойын ұйымдастырушысына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен хаттама толтырған. Іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Түркістан қалалық СЭББ-ға жолдаған. 

Сонымен қатар карантин талаптарын қадағалау мақсатында жүргізілген рейд барысында, Түркістан қаласында орналасқан азық-түлік дүкендерінде де бірқатар кемшіліктерге жол беру деректері анықталған.

Серіктес жаңалықтары