ШұғылҚазақстанда өткен тәулікте 2,4 мың адамнан коронавирус анықталды

Ресейде қазақстандық әйел баласын 13 мың долларға сатып жіберген

Баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен

Фото: ашық дереккөзден

Ресейде бала саудасымен айналысқан қазақстандық әйел ұсталды. Оның нәресте үшін 13 мың доллар алғанын Краснояр өлкесінің тергеу бөлімі хабарлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Тергеу барысында әйелдің босану үшін Красноярскіге келгені анықталды. Қалада оған пәтер жалдап, медициналық көмек көрсетілген. Ол жаңа туған нәрестесін бірден алаяқтарға тапсырған. 2020 жылғы сәуірде әйел ұлын босанып, кейін баласына туу туралы куәлік алып, күдіктілерге сенімхат жазып берген. Осылайша Қазақстан азаматы іс жүзінде жаңа туған баласын сатып жіберген. Кейін ол Қазақстанға келіп, баланы бергені үшін 13 мың доллар мөлшерінде ақша алған», - деп хабарлады Краснояр өлкесі және Хакасия Республикасы бойынша Ресей Мемлекеттік тергеу комитеті өкілдері.

Іс бойынша үш күдікті анықталды. Тергеушілер мәліметіне сүйенсек, баланы сатуға тәртіп сақшысы көмектескен. 33 жастағы ер адам ақша үшін бала көтеруге дайын әйелдерді тауып, кейін балаларын шетелдіктерге сатқан. Осылайша тоғыз сәбиді сатып үлгерген. Олардың бәрі қазір Сәбилер үйінде.