$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.02.2021, 22:42
Жаңалықтар

Коронавирус киімде үш күнге дейін өмір сүре алады – ғалымдар

Зерттеушілер кір жуғыш машинаның вирусты толық жоя алмайтынын анықтаған

 
Коронавирус киімде үш күнге дейін өмір сүре алады – ғалымдар
Фото: ашық дереккөзден

Ғалымдар коронавирустың киімде үш күнге дейін өмір сүре алатынын, оның ішінде, полиэстерден жасалған киімдер вирусты ұзақ уақыт сақтайтынын ескертті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасай отырып.

Лестер қаласындағы Де Монфор университеті коронавирустың үш матада: полиэстер, поликоттон және мақтада қанша өмір сүретінін зерттеген.

Полиэстер вирустың 72 сағатқа дейін өмір сүруіне мүмкіндік беретіні белгілі болды, ал 100 пайыз мақтада 24 сағат ішінде өледі екен. Сондай-ақ поликотон гибридінде алты сағат бойы тіршілік ете алатыны белгілі болды.

«Пандемия алғаш басталған кезде коронавирустың киімде қанша уақыт өмір сүре алатыны жайында мәліметтер аз болды. Біздің зерттеу нәтижелеріміз тоқыма өнеркәсібінде жиі қолданылатын үш матаның вирустың таралу қаупін тудыратынын көрсетті», - дейді ғалымдар тобының жетекшісі Доктор Лэрд.

Зерттеушілер үйдегі кір жуғыш машиналар вирусты толық жоя алмайтынын анықтаған. Тек детергенттер мен судың температурасы кем дегенде 67°C болған кезде ғана вирустың толығымен инактивацияланатыны белгілі болды.

Ғалымдар тұрмыстық кір жуғыш машинада киімдерді жоғары температурада жуу вирусты жоятынын, бірақ киім жуғанға дейін үйде, адамдардың автокөлікте немесе басқа жерлерде вирус  бөлшектерін қалдыру қаупін жоймайтынын мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары